Батыс Қазақстанда мал азығын дайындау жұмыстары басталды

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мал азығын дайындау жұмыстары басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сырым ауданында биыл 80 мың тонна жемшөп дайындау жоспарланып отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Қонысбай Молдағалиевтің айтуынша, шөптің шығымы жақсы, әр гектардан 3-4 центнер өнім алуға мүмкіндік бар. Шаруалар науқандық жұмыстар үшін «УНИКС» ЖШС арқылы өздеріне қажетті жанар-жағармайдың әр литрін 53 теңгеден алуда. Ауданда алғашқылардың бірі «жасыл ораққа» «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінің делегаты, облыстық мәслихат депутаты Кейпін Төлегенов жетекшілік ететін «Көктөбе» ЖШС пішеншілер бригадасы кірісті. Қыстаққа 20 мың центнер жасыл балауса дайындағалы отырған мұндағы пішеншілер гектарына 5 центнерден өнім аларына сенімді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Қали Ақонның сөзіне қарағанда, биыл өңірде 988 мың тонна мал азығы әзірленбек.
Соңғы жаңалықтар