Батыс Қазақстанда «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясының ІІІ қорытынды кезеңі өткізілді

ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Ресей шекарасында «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясының ІІІ қорытынды кезеңі өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ел балаларының арасындағы достықты, халықтар татулығын нығайтуды мақсат еткен шараға Ресеймен шекаралас жатқан Жәнібек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Зеленов және Шыңғырлау аудандарының оқушылары қатысты.

«Жеті қазына», «Менің шежірем», «Жас эколог», «Үгіт бригадасы» бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын қорғауда Жәнібек, Зеленов, Бөрлі аудандарының оқушылары өздерінің жоғары дайындықтарын көрсете білді.

Соңғы жаңалықтар