Батыс Қазақстанда машина жасау кәсіпорындары өнім көлемін 1,7 есеге арттырды

ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында машина жасау саласының кәсіпорындары биылғы жеті айда 6289,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыдан 1,7 есеге артық,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Өңірде, әсіресе, иінді білік шығару өсіп отыр. Сондай-ақ облыста металлургия өнеркәсібінде 2248,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 7,4 есеге көп. Мұнда ұнтақталған шар, профнастил, сорғы-компрессор тұрбалар шығару өскен.

Дайын металл өнімдері 2016,9 млн. теңгені құрап, 16,6 пайызға көбейді. Құрылыста қолданылатын құрама металл конструкциялары 26,2 пайызға артты.

Тоқыма бұйымдары 2 есеге ұлғайып, 84,9 млн. теңгеге шығарылды.

Соңғы жаңалықтар