Батыс Қазақстанда майдангерлерге әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі түрліше болып отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Ұлы Отан соғысы қатысушыларын, тыл еңбеккерлерін және асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатындарды әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етуде заңдылықтың толық сақталмай отырғандығын анықтады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, атап айтқанда, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі түрліше болып отыр. Мәселен, Орал қалалық мәслихаты майдангерлерге коммуналдық қызметақысын жергілікті бюджет есебінен өтеуге ай сайын 3 мың теңгеден жеңілдік белгілесе, Бөрлі ауданында бұл жәрдем 2 мың теңгені құраған. Сондай-ақ Орал қалалық мәслихаты Жеңіс күніне орай майдангерлерге жергілікті бюджеттен 30 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік жәрдем беруді ұйғарса, Тасқала ауданында бұл 35 мың теңгеге тең. Жәнібек ауданында тыл еңбеккерлері мен асыраушысынан айрылғандарға қаржы жоқтықтан жәрдем қарастырылмаса, Ақжайық, Зеленовта азаматтардың аталған бөлігіне жеңілдік көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық актілер қабылданбаған.

Тексеру қорытындысына сәйкес облыс әкімі атына жергілікті атқарушы және өкілді органдар тарапынан Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын бір жүйеге келтіріп, теңестіру туралы ұйғарым берілді.

Соңғы жаңалықтар