18:44, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Мектепке жол» акциясы басталды
ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» шарасы басталды.

«Жақсылық жасауға асығайық» ұранымен өтетін акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.
Акцияға қатысып, қолдау көрсетушілердің саны жылдан-жылға артуда. Солардың ішінде қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар белсенділік танытуда.
Орал қалалық білім беру бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, қала мектептерінде аз қамтылған, көп балалы отбасындағы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1822 бала тіркелген.