16:48, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда мейрам күндері күн салқындап, жел күшейеді - ТЖ департаменті
ОРАЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 7-8 мамыр күндері кей жерлерде дауыл тұрып, найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 13-18 градус жылыны көрсетіп, күн салқындайды.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті өмірлік маңызы бар нысандардың, электр және байланыс желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін тиісті мекемелерге ескертті. Күш-құралдар дайындалып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ.