Батыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар бизнес жобаларын ұсынды

ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мүмкіндігі шектеулі жандар ұсынған бизнес жобаларының таныстырылымы болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы БҚО филиалының атқарушы директоры Айнагүл Ақашаеваның атап өткеніндей, мұндай жандар өз өндірісі мен жұмыс орындарын ашуға бірінші рет ниет білдіріп отыр. Жиналғандар назарына Интернет-кафе мен қоғамдық тамақтану орны жобалары ұсынған «Вариант» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, көзінен кемтар болғанына қарамастан, нақты істі қолға алған Дмитрий Субботин мемлекет мүгедектердің кәсіпкерлік ынтасын қолдайтындығын еске салды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ильмира Хамзина биыл қолға алынған «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедектер де өз мүмкіндігін байқап көріп, тренингтерге қатысып, білік-танымын байыта алатынын, аталмыш жобаларды әлі де жетілдіре түсу қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар