17:27, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге спорттық киімдер табыс етілді
ОРАЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді, жастарды қолдау мақсатында БҚО мүгедектер қоғамының Ақжайық аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе отырып, үлкен шара өткізді.
Олар аталған топтағы 16-19 жастағы 45 ұл-қызға спорттық костюмдер табыс етті. Бұлар - ауданның 15 ауылдық округінен келгендер.
Алдағы уақытта сондай-ақ, мысалы, мүгедектердің спорттық жарыстары, мүмкіндігі шектеулі жас отбасылар үшін қайырымдылық шаралары өткізілмек.