Батыс Қазақстанда мұнайгаз саласында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мұнайгаз саласында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, бұл орайда Қарашығанақ және Чинарев кен орындарының алатын орны зор. 2008 жылы Қарашығанақ кен орнында 15 млрд. текше метр газ бен 11,6 млн. тонна газ конденсаты, Чинарев кен орнында 270 мың тонна мұнай өндірілді. Ірі жобалардың ішінде «Қарашығанақ-Орал» газ құбырының құрылысы ерекше маңызды. Бұл облыс тұтынушыларын, соның ішінде Орал жылу-энергетикалық орталығын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ Теректі, Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарының 92 мыңнан астам тұрғыны бар 146 елді мекенін көгілдір отынға қосу мүмкіндігін шешеді. Осы газ құбырын келесі жылдың аяғына дейін Жымпиты және Қаратөбеге дейін жеткізуге күш салынбақ. «Жайықмұнай» фирмасы үш бірдей ірі жобаны іске асыруды аяқтады. Олар ? құны 867 млн. теңге болатын мұнайды демеркаптанизациялауды орнату, құны 7,5 млрд. теңге, ұзындығы 120 шақырым «Чинарев-Ростоша» мұнай құбыры, құны 5,4 млрд.теңге темір жол мұнай құю терминалы. Бұл нысандар толық іске қосылған уақытта 180 жұмыс орны ашылатын болады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Чинарев кен орнында өнімділігі жылына 1,5 млрд. текше метр тазартылған газды, 140 мың тонна сұйытылған және 750 мың тонна тұрақты конденсатты құрайтын газ дайындау қондырғысының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол экспортқа тауарлы газ шығаруды және газдың алаулы жағылуын толықтай тоқтатуды қамтамасыз ететін болады. Бұл нысанда 90 жұмыс орны ашылады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум