17:53, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 18,8 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 18,8 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 7,2 пайызға артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, осының 6188,4 млн. теңгесін азық-түлік өнімдері құрайды, бұл 5,8 пайызға көп. Сондай-ақ жыл басынан бері 94,2 млн. теңгенің тігін және тоқыма өнімдері (113,4 пайыз), 48,0 млн. теңгеге ағаш өңдеу мен содан жасалған бұйымдар (105,4 пайыз), 333,0 млн. теңгенің қағаз, баспа ісі өнімдері (109,1 пайыз), 178,5 млн. теңгенің резіңке мен пластмасса бұйымдары (143,7 пайыз), 1992,8 млн. теңгенің басқа металл емес минералдық өнімдері (190,4 пайыз) шығарылды.