Батыс Қазақстанда өрт оқиғалары 9 пайызға азайды

ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 672 өрт тіркелді, бұл өткен жылғыдан ( 739 ) 9 пайызға аз.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өрттен келген шығын 303 млн. 670 мың теңгені ( өткен жылы осы мерзімде - 341 млн. 072 мың теңге ) құрады. Өткен жылы он бір айда өрттен 17 адам қаза тауып, 27-сі жарақаттанса, биыл сәйкесінше 12 және 25 болып отыр.

Орал қаласында 248 өрт ( өткен жылы осы уақытта - 272 ) тіркелсе, Жаңақалада 34 ( 29 ), Бөкей ордасында 15 ( 13 ), Жәнібекте 17 ( 16 ) осындай оқиға болған.

Соңғы жаңалықтар