Батыс Қазақстанда Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай шаралар өтуде

ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай шаралар өтуде.
None
None

Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімі мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Отан қорғаушылар күніне орай «Отан сүйер ұлан бол», «Отаншылдық - ұлы қасиет» және Жеңіс мейрамы қарсаңында «Жеңіске мың тағзым», «Ол күндер ұмытылмайды» деген тақырыпта кітап көрмелері қойылып, кездесу кештері өткізілді. Сондай-ақ А.Пушкин музейінде «Отан-ана жырлағанда шерленіп, қолымызға қару алдық ерленіп» тақырыбында ерлік сабағы ұйымдастырылды. Мұндай мәдени-спорттық шаралар 9 мамырға дейін және одан кейін де жалғасады. Айталық, 27-29 мамырда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді.

Бұл күндері өңірде қатары күн санап сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар