Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандары 95,2 млрд. жуық теңгенің өнімін өндірді

ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да биылғы бірінші тоқсанда шағын кәсіпкерлік нысандары 95163 млн. теңгенің өнімін өндірді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 1,6 пайызға көп. Өңірде 20543 шағын кәсіпкерлік нысанында 82797 адам еңбек етеді. Соның ішінде 2207 заңды тұлға (46754 адам) 87409 млн. теңгенің өнімін өндірді. 14517 жеке кәсіпкер (26619 адам) 6690 млн., 3819 шаруа қожалығы (9424 адам) 1064 млн. теңгенің өнімін өндірді.

Өңірде биылғы 1 сәуірге 4272 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 2,5 пайызға кем.

Соңғы жаңалықтар