Батыс Қазақстанда шекара қызметіне арналған іс-шара өткізілді

ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР ҰҚК шекара қызметіне биыл 18 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай өңірдегі шекара бөлімшелерінде тамыздың 9-18-і аралығында «Шекара қызметі - батырлықтың мамандығы» атты іс-шара өткізіліп, ол ойдағыдай қорытындыланды. Шаралар барысында шекарашыларға арнайы дәрістер оқылып, қару-жарақ көрмесі мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыздың 18-інде Оралдағы Жастар мәдениет үйінде атаулы күнге арналған салтанатты мәжіліс болып өтті. Оған үздік шекарашылар, қоғамдық ұйымдар мен түрлі әскери қызметтің өкілдері қатысты. Жиында №2029 әскери бөлімнің сардары, шекара қызметінің подполковнигі Арман Қалиев жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Орал гарнизонының әскери прокуроры Ерболат Көшенов, шекара қызметінің доғарыстағы полковнигі Бақыт Оразалинов, «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі партиялық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Серік Дәулетов және басқалары елдің сыртқы шебінің күзетінде тұрғандарды құттықтап, олардың қиын да күрделі қызметтеріне табыс тіледі. Жиында өздерінің кәсіптік міндеттеріне мығым жекелеген қызметкерлерге алғыс жарияланды, кезекті әскери атақтар беріліп, марапат қағаздары табыс етілді. Соңынан мерекелік концерт көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар