Батыс Қазақстанда тәркіленген қарулар пеште балқыды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті 2010 жылдың екінші тоқсанында азаматтардың өз еріктерімен тапсырған және заңсыз ұсталған қаруларды Орал қаласындағы «ҚазАрмаПром» АҚ зауытындағы пеште балқытты, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Балқыту пешінде барлығы 26 қару балқытылды. Оның ішінде тегіс ұңғылы және шолақ 18 қару, 6 газ тапаншасы, 2 пневматикалық қару бар. Бұл суық қарулардың ішінде заттай дәлелдемелерден өткендері де бар. Жиналған қарумен қоса, 12 бронды киім және 86 қол кісен пеште балқытылды.

Сондай-ақ, бұған дейін де облыс көлемінде қылмыстық ахуалды төмендету, атыс қаруынан болатын қылмысты ашу және алдын ала ескерту, сонымен қатар жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды анықтау мақсатында жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тәркіленген қарулар бар.

Соңғы жаңалықтар