Батыс Қазақстанда таяу жылдары қайта өңдеу салаларындағы өндіріс көлемін 1,4 еседен астамға ұлғайту көзделіп отыр

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2015 жылға қарай қайта өңдеу салаларындағы өндіріс көлемін 1,4 еседен астамға ұлғайту көзделіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, осы мақсатта қайта өңдеу салаларында технологиялық жаңғыртулар және жаңа өндірістер салу негізінде сүт өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеуді дамыту міндеттері шешілетін болады. Картоп және көкөніс шаруашылығы басым бағыттардың қатарында болады. Ішкі нарықты толық қанағаттандыру үшін 115 мың тонна картоп және көкөніс-бақша өнімдерін өсіру қажет, ол үшін өндіріс көлемін 1,3 есеге арттыру керек. Бұл жұмыс ірі тауарлы өндірісті ұлғайту, көкөніс шаруашылықтары мен ерте пісетін көкөніс өнімдерін өндіретін жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру есебінен жүргізілмек. Өсімдік шаруашылығының төмен дамыған саласы бау-бақша шаруашылығы болып отыр. Бақтарды қайта қалпына келтіру ішкі нарық қажеттілігін жеміс-жидек өнімдерімен қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие. Облыс алдында 2015 жылға қарай 500 гектарға дейін жаңа бақтар отырғызу міндеті тұр. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету және мал өнімділігін еуропалық елдер көрсеткіштерінің деңгейімен салыстырарлықтай дәрежеге дейін көтеру қажет. Бұл ретте облыс жаңа асыл тұқымды шаруашылықтарды ұйымдастырумен, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жоғары технологиялық мал шаруашылығы кешендерін салумен шұғылданатын болады. 2015 жылға қарай ет өндірісі көлемін сойыс салмағында 50 мың тоннаға дейін немесе 1,5 есе, сүтті 1,2 есеге өсіру міндеті қойылып отыр. Құс етінің импортына тәуелділіктен шығу үшін бройлерлік бағыттағы ірі құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда облыста жылдық қуаты 7,4 мың тонна май өндіретін күнбағысты қайта өңдеу және өсімдік майын шығару зауыты, 8,6 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау кешені, 500 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысы жөніндегі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Тәулігіне 150 тонна астықты қайта өңдейтін диірмен кешенінің, етті бастапқы қайта өңдеумен қоса, мал сою цехының құрылысы да аяқталып келеді.
Соңғы жаңалықтар