Батыс Қазақстанда телефон арқылы алаяқтықпен айналысушылар көбейіп кетіп отыр

ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында телефон арқылы алаяқтықпен айналысушылар саны көбейіп кетіп отыр.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашеваның хабарлағанындай, биылғы бірінші тоқсанда ҚР ҚК 177-бабына сәйкес 212 қылмыстық іс тіркелсе, соның 137-сі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мұның 71-і әйелдерге қатысты жасалған алаяқтық болса, төртеуі кәмелетке толмағандарға қатысты. Осы мерзімде 85 қылмыстық іс аяқталып, 65-і сотқа жолданып, қалғаны қысқартылған.

Сәуір айының өзінде алаяқтық бойынша 14 факті тіркеліп отыр.

Алаяқтар әдетте үй немесе ұялы телефон арқылы хабарласып, құрыққа ілінгендерді отырғызып кетуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар