12:33, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда тергелген істер бойынша анықталған 11,1 млрд. теңге шығынның 92,1 пайызы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың үлесіне тиеді
ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тергелген істер бойынша анықталған 11,1 млрд. теңге шығынның 92,1 пайызы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың үлесіне тиеді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биылғы он бір айда өңірде 4250 қылмыс тіркеліп, соның 2538-і меншікке қарсы жасалса, 1440-ы - ұрлық.
Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 2729 адамды анықтаса, соның 1997-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 10,9 пайызы әйелдер болса, 9,8 пайызы - жасөспірімдер. Мемлекеттік қызметті атқаратындардың үлесіне қылмыстың 2,8 пайызы тисе, 9,6 пайызы - бұрын істі болғандар.
Облыста әрбір бесінші қылмыскер мас күйінде осындай іс-әрекетке барса, әрбір үшіншісі топ құрамында болған. Қылмыс жасағандардың көпшілігін немесе 74,1 пайызын жұмыссыздар құрайды.