Батыс Қазақстанда тұмаудың алдын алу шаралары жүргізілмек

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда тұмаудың алдын алу шаралары жүргізілмек.
None
None

Орал қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Динара Қазиеваның айтуынша, күн райы бұзылып, күз келгенімен, әзірге қала бойынша бірде-бір тұмау тіркелген жоқ. Ал өткір респираторлық вирустық жұқпамен қыркүйек айында қала бойынша 1977 адам ауырды. Соның 1400-і - бес жасқа дейінгі балалар. Бұл аурудан асқынған жағдай болған жоқ, әдетте бұл топтағы науқастың көбіне үйде емделетіні белгілі.

Жақында облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұмауға қарсы екпенің дәрілерін бергелі отыр. Бірінші кезекте балалар үйі, мектеп-интернат, қарттар мен мүгедектер үйлерінің тұрғындарына екпе жасалынады. Ал қаладағы емханалар тұмауға бейімі бар, жиі ауыратын балалар мен ересектерді есепке алып, бірінші кезекте еккелі отыр.

Соңғы жаңалықтар