12:53, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңартуға ерекше көңіл бөлініп отыр
ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңартуға ерекше көңіл бөлініп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Теміржан Шәкімовтің айтуынша, республикада аталмыш саланы жаңарту мен дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, бес жылда осы мақсатқа 300 млрд. теңге жұмсау көзделіп отыр. БҚО бойынша 2011 жылғы жоспарға енгізу үшін 5,6 млрд. теңгеге жобалар тізімі жасалып, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жіберілді. Қазіргі кезде бұл жобалардың басым көпшілігінің мемлекеттік сараптама қорытындыларымен бірге жобалық-сметалық құжаттамасы бар. Қалғанын аудан әкімдіктері мен коммуналдық кәсіпорындар таяу уақытта аяқтамақ. Бұл ретте пайдалану шығындарын азайтуға және қуат үнемдеу технологиясын енгізуге баса назар аударылып отыр.