07:30, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 3,9 млрд. теңге жұмсалды
ОРАЛ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына 3,9 млрд. теңге жұмсалды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жыл басынан бері 85,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғыдан 4,1 пайызға артық. Жеті айда жергілікті бюджет есебінен 20,5 мың шаршы метр, республика қаржысына 0,2 мың шаршы метр несиелік, тұрғындар ақшасына 64,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Тұрғын үй Теректі, Қазталов, Жаңақала, Тасқала, Сырым аудандарында, Орал қаласында өткен жылғыдан артық салынып отыр.