Батыс Қазақстанда туристік-экологиялық лагерь ашылды

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында Сарыөзен бойында орналасқан оқушылардың «Алау» жазғы демалыс орны туристік-эколгиялық өлкетану бағытындағы лагерь болып қайта ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Лагерьде алты кезеңде 270 бала демалып, экологиялық бағытта тәрбие алады. Сондай-ақ мұнда демалушылар бау-бақша өсіріп, пайдалы еңбекпен айналысатын болады. Осы өңірдегі алғашқы туристік-экологиялық лагерьдің ашылуына Қошанкөл ауылының шаруа қожалықтары демеуші болса, лагерьдегі маусымдық жұмыстарға округ тұрғындары тартылып отыр.
Соңғы жаңалықтар