Батыс Қазақстанда ҰБТ сынағына мектеп түлектерінің 87 пайызы қатыспақ

ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы мектеп түлектері 5886 болса,
None
None
соның 5148-і немесе 87 пайызы ҰБТ сынағына қатыспақ. Облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Мыңбаеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ұлттық бірыңғай тестілеу өңірде мамырдың 6-сы мен 8-і күндері тоғыз орталықта өткізілмек. Биыл 144 түлек «Алтын белгіден», 86 шәкірт ерекше аттестаттан үміткер болып отыр. Өткен жылы «Алтын белгіні» 109 түлектің 50-і алса, ерекше аттестатты 120-ның 31-і иеленген болатын.
Соңғы жаңалықтар