Батыс Қазақстанда үш бірдей емхана салынуда

ОРАЛ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Биыл БҚО-да республикалық бюджет қаржысы есебінен Ақсай қаласында 500 орын, Зачаган кенті мен Жаңақалада әрқайсысы 250 орын 3 емхана салынуда.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен сала мамандарының еңбегі арқасында 2012 жылы бірде-бір ана өлімі жағдайы тіркелген жоқ. Қан айналымы жүйесі ауруларының салдарынан болатын өлім-жітім төмендеді. Биылғы алты айдың қорытындысында қатерлі ісік аурулары 100 мың тұрғынға шаққанда 103,2-ден 100,4-ке төмендеп, оларды уақтылы анықтаудың нәтижесінде аталмыш дерттің асқынуы 16,0-дан 14,9 пайызға дейін кеміді.

Бұл саланың басты проблемасы кадр болып қалып отыр. Биыл жоғары медициналық оқу орындарын бітіруші 52 жас маман келеді деп күтілуде.

Қалалық әкімдік басқа қалалардан келген жас  мамандарға  бір бөлмелі 25 пәтер бөлді. Бұл жұмыс болашақта жалғасын табады.

Аудан әкімдеріне жас мамандарға ведомстволық үйлер бөлу жөнінде тапсырма берілді. Барлық жас мамандар көтермеақы түріндегі әлеуметтік қоржынмен қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар