Батыс Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке 406,8 миллионнан астам теңге шығын келтірілген
Ол ұйымдасқан топ құрып, 2009 жылы облыс пен Орал қаласы аумағында бірнеше ауыр қылмыс жасаған.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жедел-іздестіру шаралары барысында Х-ның кәсіпкерлік қызмет жүргізуді ниет етпестен, салық төлеуден жалтару және мүліктік пайда табу мақсатында бірнеше жалған кәсіпорын құрып, оларды жалған тұлғалардың атына әділет органдары мен салық қызметінде тіркегендігі анықталды. Бұдан әрі кәсіпорындардың заңды қызметпен айналысып жатқандығы жөнінде пікір қалыптастыру үшін бухгалтерлік білімі бар тұлғаларды жұмысқа тартқан, олар кәсіпорындар контрагенттерінің атына жалған есеп-фактураларды және жүк құжаттарын, сонымен қатар салықтық және қаржылық есептерді тапсыру үшін құжаттар дайындаған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 406,8 миллионнан астам теңге салық төлемеу түріндегі шығын келтірілген.
Сонымен қатар тергеуалды тексеріс барысында Х. жалған кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру фактісі бойынша өзін қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін қаржы полициясы қызметкеріне 4 млн. теңге сомасында пара берген.
Аталған фактілер бойынша Х-ға қатысты ҚР ҚК 235-бабы 1-бөлімі (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару), 192-бабы 2-бөлімі «б» тармағы (жалған кәсіпкерлік), 312-бабы 5-бөлімі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.