18:11, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жасөспірімдер арасында жол ережесін сақтау мақсатында автожорық ұйымдастырылды
ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Біз жол қауіпсіздігін сақтаймыз» атты автожорық ұйымдастырылды.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, автожорық барысында жасөспірімдерге «Жолдос көмекке асығады» атты бірінші қазақстандық анимациялық сериал көрсетілді. Теректі, Бөрлі, Зеленов, Тасқала және Ақжайық аудандары орталықтарында жол ережесін бұзушылықтың алдын алуға, жас жеткіншектерге түсінік беруге бағытталған шаралар өткізілді. Автокөліктер көбірек шоғырланған Ақсай қаласы мен Чапаев ауылында әкімдіктер мен білім беру бөлімдері өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер ұйымдастырылды.