Батыс Қазақстанда жастар кадрлық резервіне үміткерлер анықталды

ОРАЛ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында еліміздің жастар кадрлық резервіне үміткерлердің бірінші іріктеу кезеңі аяқталды.
None
None

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиевтің айтуынша, резервке тұруға екі жүзден астам батысқазақстандық жас өтініш білдірген. Енді үміткерлер әңгімелесуге Астанаға шақырылмақ. Содан кейін олар арнайы оқудан өтпекші. Байқаудың қорытынды кезеңі елордада болып, сыннан өткендер сертификат алып, жастар кадрлық резерві құрамына енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар