Батыс Қазақстанда жаяу жүргіншіні өлімге соқтырған екі бірдей жол апаты орын алды

ОРАЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншіні өлімге соқтырған екі бірдей жол апаты орын алды.
None
None

23 қазан күні Орал қаласында «Жазира» аялдамасында жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтпек болған зейнеткер әйелді «Nissan Primera» автокөлігі қағып кетті. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 21 қазан күні Подстепный-Елек автожолының 41-шақырымында Теректі ауданы Долиынный ауылы тұсында «Ваз-21150» жаяу жүргіншіні қағып өтті. Федоров ауылының 46 жасар тұрғыны сол мезетте қаза тапты.

Сол секілді 18 қазан күні сағат 17.00 кезінде Чапаев-Қазталов жолының 62-шақырымында 31 жасар жүргізуші «Фольксваген-гольф» көлігімен «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көлік ішіндегі екі жасар сәби қаза тауып, екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар