Батыс Қазақстанда жел күшейіп отыр

ОРАЛ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 17 наурыз күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетпек.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, өңірде осыған орай тиісті шаралар алынып, тұрғындарға елді мекендерден алыс шықпауға ескерту берілді.

Қазіргі кезде өңірде ауа райы жылынып, қар еру үстінде. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары да кезегімен атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар