Батыс Қазақстанда жер мен жер телімдерін пайдалануда заңбұзушылықтар әлі де тыйылмай отыр

ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жер мен жер телімдерін пайдалануда заңбұзушылықтар әлі де тыйылмай отыр. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің наурыздың 13-і күнгі отырысында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде жерді пайдаланушы заңды және жеке тұлғалардың саны 142 мыңға жетті. Өткен жылы өңіраралық жер инспекциясы жүргізген 286 тексеру шарасы барысында заңды және жеке тұлғаларға 6 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Әсіресе, осындай заңбұзушылықтар Ақжайық, Зеленов және Шыңғырлау аудандарындағы жекелеген нысандарында орын алған. Қалада жер телімдерін сатып, пайда көзіне айналдыру жағдайы тыйылмай келеді. Сонымен қатар облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев кейде жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан, табиғат қорғау аумақтарынан жер телімдерін беру орын алып отырғанын атап өтті. Отырысқа қатысқандар облыстағы барлық жер қызметтерін бір орталыққа шоғырландыру қажеттігін де айтты.
Соңғы жаңалықтар
Референдум