13:48, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жергілікті тұрғын артилериялық оқтұмсық тауып алды
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Кеше Батыс Қазақстан облысындағы Зеленое селосында жергілікті тұрғын артиллериялық оқтұмсыққа ұқсас зат тауып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында, ол заттың шын мәнінде диаметрі 76 мм, ұзындығы 200 мм артиллериялық оқтұмсық екені анықталды. Қауіпті олжаны өздерімен алып кеткен «Арлан» арнаулы жасағының саперлары оның көзін жойды.