11:24, 30 Сәуір 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жергілікті тұрғын азамат соғысы кезіндегі артиллериялық снарядтың бөлігін тауып алды
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Ақсуат ауылының тұрғын снарядқа ұқсас зат тауып алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Арнайы жүргізілген іс-шара барысында аталған заттың диаметрі 76 мм-лік азаматы соғыс кезіндегі артиллериялық снарядтың жарғышы екендігі айқындалды. Қауіпті затты ҚР ІІМ «Арлан» тобының саперлері жарып, көзін жойды.