07:56, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жеті айда 586,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 586,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100,4 пайызды құрайды. Өнімнің дені кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнда 532,5 млрд. теңгенің өнімі (99,8 %) шығарылды. Бұл табиғи газдың 0,8, газ конденсатының 1,2 пайызға азаюына байланысты болып отыр.