Батыс Қазақстанда жоғары қан қысымы дертінің алдын алу бағытында шаралар жүргізілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығы 20-30 қыркүйек аралығын осы мәселеге арнап отыр. Облыс бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларымен 24128 адам диспансерлік есепте тұр. Соның 10635-і жоғары қан қысымы аурулары болса, 7527-і - жүректің ишемиялық ауруына шалдыққандар.
Соңғы жылдары еліміз бойынша 1,5 млн. адам аталмыш дертке шалдыққан. Өткен жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 877,5 адам науқас деп саналса, жыл сайын 135 мың тұрғында ауру белгісі жаңадан анықталып отыр.
Онкүндік басталғалы дәрігерлер қаладағы сауда орындары мен базарларды, мекемелер мен кәсіпорындарды аралап, тұрғындардың қан қысымын өлшеуде.
Дәрігерлер "Жайық-Пресс" ЖШС-ында да болып, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеті қызметкерлерінің қан қысымын өлшеді.
№3 емхананың СӨС кабинетінің дәрігері Анна Быкованың айтуынша, адамның қалыпты қан қысымы 140/90 мм-ден аспауы керек. Облыстық мәдениет басқармасында да алаңсыз жұмыс істеуге бар жағдай жасалған. Жалпы, акция барысында оралдық жастардың гипертония дертіне көп шалдықпағаны белгілі болды. Бірақ елу жасқа қарай аяқ басқандар арасында қан қысымы жоғары адамдар көп кездесуде.
Дәрігер А.Быкова акция барысында қан қысымы жоғары болған газет қызметкерлерімен жеке-жеке сөйлесіп, аурудың пайда болуы және оның алдын алу туралы пайдалы кеңестер берді. Оларға емханаға барып, қан құрамын тексеру сынамасын тапсыруды, ЭКГ аппаратымен жүрек қан-тамырлары жолдарын тексертуді ұсынды.