Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес ауыз сумен қамту нысандарын ретке келтіруге 307,2 млн. теңге жұмсалды

ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес төрт бірдей сумен қамту нысанын қайта құруға 307,2 млн. теңге жұмсалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне қарағанда, осы қаржыға Ақжайық ауданының Жұбан, Зеленовтың Зеленый, Первосовет, Қазталовтың Қошанкөл ауылдарында сумен қамту нысандары ретке келтірілді. Бұл нысандарда 347 адам жұмысқа тартылды. Жыл аяғына дейін 39,6 шақырым су құбыры іске қосылып, 5600-ден астам адам таза су ішетін болады.

Соңғы жаңалықтар