Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес кадр даярлау мен біліктілігін арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес кадр даярлау мен біліктілігін арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында мақсатты трансферттердің нәтижелері туралы келісімге 2010 жылғы қаңтардың 13-інде қол қойылған болатын.

2009 жылы кадр даярлау мен біліктілігін арттыруға 527,9 млн. теңге, соның ішінде экспортты мамандандыруды жүзеге асыру үшін 1725 адамды даярлауға 331,9 млн. теңге бөлінді. Бұл мамандарды даярлау мемлекеттік тапсырыс бойынша 2009 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы мамырға дейін жүргізіледі. Қаржыландырудың нақты жоспарына сәйкес 2010 жылға ауысқан қалдық 258,7 млн. теңгені құрады, республикалық бюджеттен қосымша 223,1 млн. теңге бөлінді, жалпы сома 482,0 млн.теңге, осы қаржыға 3952 адам жіберілетін болады. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған 1725 адам оқуын жалғастырады, 760 адам биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша қабылданады. «Жол картасы» жобалары бойынша кадрларды қайта даярлауға 1317 адам үш айлық курсқа жолданады, 150 адам еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға жіберіледі. Жыл басынан бері 12 кәсіптік лицей, 3 колледж және 4 оқу орталығында 22 кәсіп пен мамандық бойынша 601 адам курстық даярлау және қайта даярлаумен қамтылды. Сонымен қатар кәсіптік лицейлер мен колледждерде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша қабылданған 1725 адам оқуын жалғастыруда.

2010 жылы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындары және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын кеңейту көзделіп отыр. Атап айтқанда, 1696 әлеуметтік жұмыс орны ашылады және осы мақсатқа республикалық бюджеттен 203,5 млн.теңге бөлінеді. Жедел мәліметтерге сәйкес күні бүгін 136 ұйым-кәсіпорынмен әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде шарттар жасалған, оған 401 адам жіберілді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес 12,7 млн. теңгенің 9,4 млн. теңгесі игерілді.

«Жол картасына» сәйкес оқу орындарының 904 түлегі жастар тәжірибесіне жіберіледі, бұған республикалық бюджеттен 108,5 млн. теңге бөлінді. Күні бүгін 380 кәсіпорынмен жастар тәжірибесін ұйымдастыру жөнінде шарт жасалып, 567 бітіруші жас жіберілді. Бөлінген 19,2 млн. теңгенің 19,1 млн. теңгесі игерілді.

Соңғы жаңалықтар