Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес сумен, жылумен, электр және газбен қамту нысандары қайта жөнделіп, абаттандыру жұмыстары атқарылатын болады

ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес 25 жоба бойынша сумен, жылумен, электр және газбен қамту нысандары қайта жөнделіп, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары атқарылатын болады.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Теміржан Шәкімовтің сөзіне қарағанда, осы мақсатқа 2,346 млрд. теңге бөлінсе, соның ішінде облыстық бюджеттен 820,3 млн. теңге қарастырылды, бұл өткен жылғыдан 548 млн. теңгеге көп.

Аталмыш қаржының 1896 млн. теңгесі немесе 81 пайызы жылу, электр, кәріз желілері және су құбырларын жөндеуге, сондай-ақ Сырым мен Қаратөбе аудандарының елді мекендерін газдандыруға жұмсалмақ.

Соңғы жаңалықтар