Батыс Қазақстанда жүк тасымалдау 18,4 пайызға көбейді

ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 14,6 млн. тонна түрлі жүк тасылды, бұл өткен жылғыдан 18,4 пайызға артық.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, әсіресе, шілде айында жүк айналымы көлемі 136,6 млн. тонна-шақырымға жетіп, маусымдағыдан 22,7 пайызға асып түсті. Жыл басынан бергі көрсеткіш 736,1 млн. тонна-шақырымды құрап, өткен жылғыдан 17,9 пайызға көбейді. Соның 730,5 млн. тонна-шақырымы автомобиль көлігіне тиесілі болса, 5,6 млн. тонна-шақырым өзен тасымалының еншісінде.

Өңірде жеті айда автомобиль көлігімен 140,4 млн. адам тасымалданып, өсім 11,6 пайызды құрады. Ал өзен көлігімен 20,1 мың адам жеткізілді, бұл 11,6 пайызға көп. Жолаушы тасымалы айналымы 22,7 пайызға ұлғайып, 2511,9 млн. жолаушы-шақырымға жетті.

Соңғы жаңалықтар