Батыс Қазақстанда жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасына сәйкес - 3886, «Жол картасы» аясында 5083 жұмыс орны ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Соның ішінде 2307-сі немесе 59,4 пайызы ауылдық жерде ашылды. Бұдан басқа «Жол картасының» инвестициялық бағыттары бойынша 5083 жұмыс орны пайда болды.
Жыл басынан бері өңірде 12250 адам жұмысқа орналасса, соның 9854-і жұмыспен қамту орталықтары арқылы жолданып, «Жол картасы» арқылы 3053 адам жұмыс тапты. 1773 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 981-і жастар тәжірибесіне жіберілді. Шағын бизнеске 2396 адам орналасты.
Жұмыспен қамту бағдарламасында көзделген 1088-дің орнына жұмыссыздарды өндірісте одан әрі бекіту үшін 717 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4776 адам (бағдарламада көзделгеннің 69,9 пайызы) жіберілді.
Тамыздың 1-індегі есеп бойынша кедей отбасылар саны 2231-ді құрап, былтырғыдан 817-ге азайды.