Батыс Қазақстанда жылдың үздік спортшыларына сыйлықтар табыс етілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жылдың үздік спортшылары анықталып, оларға сыйлықтар табыс етілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың арасында самбодан екі мәрте әлем чемпионы атанған Ерболат Байбатыров пен Азия жеңімпазы Медет Оңдағанов, дойбыдан екі дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмагелдиева, бірнеше жарыста олжа салған балуан Екатерина Ларионова және басқалар бар. Биыл футболдан премьер-лигаға жолдама алған «Ақжайық» клубы үздік команда атанды.

Спортшыларды табыстарымен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов құттықтап, жеңісті жолдарын алдағы жылы да жалғастыруларына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар спорт тақырыбын жақсы жазған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де марапатталды.

Соңғы жаңалықтар