Батыс Қазақстандағы көктемгі су тасқыны салдарынан болған шығын көлемі 10 млрд. теңгеден асуы мүмкін - Владимир Божко

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың пайымдауынша, Батыс Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқыны салдарынан болған шығын көлемі 10 млрд. теңгеден асуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған өңірдегі су деңгейі төмендеп келеді. Алайда, су басып қалған учаскелер мен тұрғын үйлер әлі де бар. Ертең, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзак Шөкеев бастаған комиссияның БҚО-ға баратынына тоқталған министр, алдағы жұмаға қарай бұл делегация өңірдегі ахуалды кешенді түрде бағалайтынын жеткізді. Осы орайда нысандарды жөндеу жұмыстарына қажетті алдын ала мәліметтер анықталып, қаржылық мәселелер шешілмек.

В. Божконың айтуынша, бүгінде ұлттық компаниялар тиісті көлемде көмек көрсетуге ниет білдірді. Сонымен қатар барлық облыстардан гуманитарлық көмек жеткізілуде. Атап айтқанда, қазіргі кезде су басып қалған аумақтағы адамдарға қауіп-қатер туындап тұрған жоқ. Қазіргі кезде олар қауіпсіз жерлерге көшіріліп, тиісті көмек көрсетілуде. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды оқыту қалыпты тәртіпке көшіріліп, оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілді.

Министрдің пайымдауынша, шығын көлемі шамамен 10 млрд. теңгеден асуы мүмкін. «Нақты мәліметтер алдағы жұма күні белгілі болады»,-деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум