10:21, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстандағы шалғай ауылда екі үй дүние-мүлкімен өртеніп кетті
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында екі үй дүние-мүлкімен өртеніп кетті.

Өрт түнгі 1.30-да шыққан. Шөп қораның төбесі жабық болған себепті өрт астынан қаулап жанып, жалғас тұрған үйді шарпыған. 25 шақырым жердегі аудан орталығынан өрт сөндірушілер келіп жеткенше, көрші үйлерге ауысқан «тілсіз жаумен» бүкіл ауыл тұрғыны алысқан. Соған қарамастан, екі үй дүние-мүлкімен, үш қора шөп-мөбімен тып-типыл болды. Баспанасыз қалған екі отбасы ауылдастарының үйін паналауда.
Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары мен кеткен шығын тексерілуде.