Батыс Қазақстаннан шыққан тағы бір батырдың есімі белгілі болып отыр - Н.Ноғаев, БҚО әкімі

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жеңіс мерекесіне орай батысқазақстандық майдангерлерді қабылдады.
None
None

Әкімнің атап өткеніндей, Батыс Қазақстаннан Ұлы Отан соғы­сына 76 мың адам аттанды. Соның 36 мыңы майдан даласында қалды. Оның біразының қайда жерленгені белгісіз. Осы соғыстағы соңғы жауынгер туралы мәлімет анықталғанға дейін бұл тарихтың парағын жабу мүмкін болмайтыны анық. «Елбасымыз бүгінгі жетістігімізді аға буынның ерлігімен байланыстырады. Үш-төрт күн турасында менің поштама Светлана Тенишева деген оралдық тұрғыннан хат келді. Онда Орал­да туып өскен, артынан Баш­құртстанға кеткен ұлты татар Абдулла Шагиев деген азамат та Кеңес Одағының Батыры атағын алғанын жазады. Сонда облысымыздан 41 батыр шығып тұр. Бұл біз үшін тағы бір мәртебе», деді әкім.

Таяуда 90 жасқа толған белгілі ғалым, майдангер Павел Букаткин екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қостанайлық Леонид Беда да Оралда тұрып, А.Пушкин атындағы Орал педа­гогикалық институтын тәмамдап, Ақжайықтың аруына үйленгенін айтты.

Ал соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Бисен Жұ­­ма­ғалиев отты жылдарда Ленин­град қаласы БҚО қам­қорлығында болғанын мәлімдеді. Блокада кезінде ондағы әрбір тұрғынға беріліп тұрған 20 грамм нанға батысқазақстан­дық­тардың арқасында 25 грамм қосылған.

Сондай-ақ Қадыр Ғайсин, Қаби Сәрсенғалиев, Лидия Губанова секілді ардагерлер өздерін ескеріп, құттықтап, сыйлық беріп жатқаны үшін облыс әкіміне риза­шылықтарын білдірді.

Сонан соң ардагерлер облыс әкімімен бірге Абай алаңында облыс өнерпаздары даярлаған театрландырылған концертті тамашалады.

Соңғы жаңалықтар