11:50, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанның барлық кішігірім өзендерінде судың деңгейі төмендеп келеді - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - 19 сәуір күнгі сағат 21.30-дағы жағдай бойынша, Батыс Қазақстан облысының барлық кішігірім өзендерінде судың деңгейі төмендей бастады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Үлкен Өзендегі Қайыңды гидрологиялық бекетіндегі судың деңгейі өткен тәулікте 22 см төмендеді. Шыңғырлау, Теректі, Казталов аудандарында да жағдай реттеліп келеді. Осыған байланысты өткен тәуліктерде 2981 адам үйлеріне оралды.