Батыс Қазақстанның он бір кәсіпорны «Белес» консорциумына бірікті

ОРАЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының он бір кәсіпорны «Белес» консорциумына бірікті, соның алтауы - машина жасау және құрылыс индустриясы кәсіпорындары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап. Бұл өңірдегі машина жасау және құрылыс кәсіпорындарының қатысу үлесін кеңейту мақсатында құрылып отыр. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Қазтеміртранс» АҚ қозғалыс құрамын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектерге, желілер мен детальдарға тапсырыс орналастыруға «Белес» консорциумы, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Орал механикалық-құю зауыты» өндірістік кәсіпорнымен ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Қазақстандық қатысты кеңейту жөніндегі төртжақты меморандум ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, БҚО әкімдігі және «Белес» консорциумы арасында да бар. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ 2009-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте. Сәуір айының басында Қарашығанақ жобасында қазақстандық үлесті кеңейту мақсатында өткізілетін республикалық форум барысында БҚО әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы, «ҚПО б.в.» компаниясы арасында меморандумға қол қою көзделуде.
Соңғы жаңалықтар