Батыс Көлік прокуратурасының қызметкерлері балалар үйіне біркүндік жалақыларын аударды

АҚТӨБЕ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Батыс аймақтық көлік прокуратурасының қызметкерлері Алға балалар үйіне арнап қайырымдылық акциясын өткізді.
None
None

Прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, кеше балалар үйінде болды және жетім балаларға өздерінің біркүндік жалақыларын аударды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Батыс аймақтық көлік прокуратурасының ұжымы бірнеше жыл қатарынан маусымның 1-і күні балалар үйіне барып тұрады.

Жалпы есеппен прокурорлар балаларға 250 мың теңге материалдық көмек аударды. Ақша балалар үйінің жанындағы «Қызғалдақтар» би ансамблі үшін ұлттық костюмдер тігуге жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар