13:37, 03 Шілде 2013 | GMT +5
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі әскерлер арасында бірінші орында
ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі әскерлер арасында бірінші орынды иеленді.
Бұл туралы 2 шілде күні 2013 оқу жылы жазғы мерзімінің басталуына арналған салтанатты жиында «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Беляков мәлім етті.
Қолбасшылықтың баспасөз қызметінің басшысы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, жаңа оқу мерзімінің басталуына орай ішкі әскерлер алдына Елбасы тапсырмаларына сәйкес қойылып отырған міндеттер нақтыланды. Алғашқы сабақтар барысында Елбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық, әскери және жеке көліктегі қауіпсіздік жайлары айтылды.