«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде Жаңа жылға арналған шаралар ұйымдастырылды

ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде Жаңа жылға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
None
None

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның бірі А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында өткізілді. Ішкі әскерлердің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517-әскери бөлім қызметкерлерінің балаларына арналған жаңажылдық ертеңгілікте Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі көріністер қойылды. Байқау, ойындардан кейін барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Жаңа жылмен балдырғандар мен олардың ата-аналарын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Абдрасил құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар облыстық балалар үйіндегі 4-7 жас аралығындағы жетім және мүгедек балалар үшін қайырымдылық шыршасы ұйымдастырылды. Мұнда да балалар үшін түрлі байқау, ойын-викториналар әзірленіп, «Батыс» өңірлік қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтановтың атынан сыйлықтар берілді. А.Островский атындағы облыстық театр әртістерінің күшімен ертегілер ізімен тартымды көріністер де балдырғандар көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар