«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қорытынды сынақ тапсырды (ФОТО)
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш күнге созылған жиын барысында әскери қызметкерлердің кәсбіи дайындығын «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтановтың басшылық етуімен арнайы құрылған комиссия тексерді.
Дене дайындығы бойынша подполковниктер Әлішер Әбдірасыл, Арман Үмбетов, Болатбек Мұхамбетқалиев, майорлар Сағыныш Жұмағалиев, Геннадий Шкребко, Борис Цыганов, Гүлнәр Қабдоллина үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ подполковниктер Меңдібек Шаблиев, Руслан Рүстемханов, Виктор Арионов, капитандар Андрей Кирсанов, Лилия Пансурова мемлекеттік-құқықтық дайындық және Қарулы күштер жарлығын білуден ерекше көзге түсті. Ал подполковниктер Нұржан Омаров, Марат Икишев, майорлар Аян Майлыбаев, Жасұлан Мамыров және басқалары саптық әдістерді мүлтіксіз орындады.
«Сұңқар» оқу орталығында Макаров тапаншасы және Калашников автоматымен нысана көздеуден полковник Виктор Батпаев, подполковник Жорабай Сүлаймонов, майор Еркебұлан Ғаббасовтарға ешкім тең келген жоқ.
«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Исатай Жәрдемовтің айтуынша, барлық әскери қызметкерлер жоғары шеберліктерін көрсетіп, сынақты жақсы тапсырды.