15:45, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Батысқазақстандық ардагер спортшы әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Афины қаласында грек-рим күресінен ардагер спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында батысқазақстандық Нариман Қайырманов күміс жүлдені жеңіп алды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған жарысқа әлемнің 40 елінен балуандар қатысты.
Нариман 41-45 жас аралығындағылармен 69 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Ол алдымен словак спортшысын 8:0, сосын грек балуанын 8:2 есебімен ұтты. Тек финалда ғана тағы бір грек спортшысына 3:5 есебімен есе жіберді. Бұл салмақ дәрежесінде барлығы 11 балуан белдесті.
Айта кетейік, Нариман Қайырманов - грек-рим күресінен ардагер спортшылар арасында әлем чемпионатының бес мәрте жүлдегері.